Облыстағы спорт мектептерінде тіркелген «Қиын» тобындағы балалармен атқарылған жұмыстар бойынша есептік жиын

2016 жылдың  2 қыркүйек күні кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесу, «Қиын» топтағы балалардың қоғамдық ортаға бейімделуін, сонымен қатар олардың тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартылуына байланысты жүргізген жұмыстар жөнінде аудан және қала мектептерімен есептік жиын өтті. Аталған жиынға аудан және қалада орналасқан 33 мекеменің директорлары, директордың орынбасарлары және  әдіскер-психологтары қатысты. Басқармамен бекітілген іс-шаралар кестесіне сәйкес, №1 Т.Рысқұлов ауданындағы БЖСМ-нің директоры Ұ.Омарбеков, Талас ауданындағы БЖСМ-нің директоры А.Сейдалиев және № 4 велосипед және су спорты түрлерінен  облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директор орынбасарының м.а.  С.Күлімбетов қиын тобындағы балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Есеп беру баяндама және слайд түрінде өткізілді.

Comments are closed.