2016 жылдың 28 тамыз – 3 қыркүйек аралығында Дублин (Ирландия) қаласында кикбоксингтен жастар арасында Әлем чемпионаты өтті.
Чемпионатқа әлемнің 52 елінен барлығы 600-ге жуық спортшы қатысты. Жамбыл облысынан Қазақстан Ұлттық құрама командасы сапында Дауров Рашид 63,5 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Жаттықтырушысы Закир Малиев (Қордай ауданы).