«Тәуелсіздік – тірегім» атты велошеру

2016 жылдың 4 қырқүйек күні Тараз қаласында «Достық» орталық алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыс тұрғындары арасындағы «Тәуелсіздік – тірегім» атты велошеру  өтті.

Велошеру бағыты: Орталық «Достық» алаңынан – «Әулие-Ата» әуежайына дейін. Велошерудің жалпы қашықтығы 10 шақырым.

Велошеруге облыс әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің басқармалары,  құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелер, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің аппараттары, акционерлік қоғамдар, Тараз қаласында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелер, жоғарғы және арнайы орта  оқу орындары мен қала тұрғындарынан құралған 700-ден астам адам  қатысты.

Велошеруді өткізу бойынша үйлестіруді Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Тараз қаласының әкімдігі жүзеге асырды.

Велошеру жарысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту,  бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, облысымыздың тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және қол жетімді велосипед спортымен шұғылдануға қызығушылығын арттыру.

Comments are closed.