Волейболдан Жамбыл облысының 75-жылдығына арналған облыс әкімінің Кубогы үшін ардагерлер арасындағы турнирі

2014 жылдың 31 қазан – 2 қараша аралығында «Тараз-Арена» спорт сарайында волейболдан Жамбыл облысының 75-жылдығына арналған облыс әкімінің Кубогы үшін ардагерлер арасындағы турнирі өтті.

Осы спорттық жарысқа еліміздің 9 командасы және көршілес 3 мемелекеттің командалары қатысты, атап айтқанда: Ресей Федерациясынан «Байқоңыр», Қырғыз Республикасынан «Бішкек», Өзбекстан Республикасынан «Ташкент», Алматы облысынан «Жетісу», Алматы қаласынан «Қазақ Ұлттық Аграрлық уинверситеті» және «Еуроазиялық Технологиалық университетінен», Оңтүстік Қазақстан облысынан «Шымкент-Су-Арнасы», Шымкент қаласынан «Динамо», Қызылорда облысынан «Қызылорда», Жамбыл облысынан «Ардагер», Тараз қаласынан «Ардагер» және «Тараз - Қанаты» командаларынан 120 спортшы қатысты.

Жарыс олимпиадалық жүйеде өтті.

Аталмыш жарыста, Тараз қаласының «Ардагер» командасы І-орынды иеленіп 1 000 000 теңге сертификатына ие болды, ІІ-орынды Алматы қаласының «Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті» иеленіп 500 000 теңге сертификатына ие болды және ІІІ-орынға табан тіреп 300 000 теңге сертификатына ие болған Алматы облысының «Жетісу» командасы.

Жарысты ұйымдастырғандар:

  • Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы,

  • Жамбыл облысының волейбол федерациясы

Comments are closed.