Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелер мен кәсіпорындары қызметшілері арасында терроризм мен діни экстремизм көріністерінің алдын алу мақсатында өткізілетін семинар-кеңес туралы мәлімет

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмгеқарсыіс-қимылжөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 1141 қаулысымен бекітілген.

Өз кезегінде, Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №105 қаулысымен Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны Жамбыл облысында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) қабылданған.

Жоспарды орындау мақсатында 2014 жылдың 23 қазанында терроризм мен діни экстремизм көріністерінің алдын алу шараларын түсіндіру бойыншаоблыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында семинар-кеңес өткізілген.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Террорға қарсы орталығы бөлімінің бастығы, подполковник - Атамқұлов Батырбек Керімбайұлы, Жамбыл облыстық прокуратурасының бірінші басқармасының бөлім прокуроры – Байтеміров Дастан Тұрысбекұлы; Жамбыл облысының ішкі істер департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция лейтинанты -ӘбішовРинат Рахымғалиұлы, Облыс әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы - Қожақов Марғұлан Рашидұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бас мамандары - Есмаханов Еркебұлан Нұрғалиұлы,Күзембаев Ғани Қанашұлықатысты.

Шара барысында азаматтардың терроризмге қарсы алғашқы дайындығы, дәстүрлі емес діни ағымдардың кері әсері; «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіру; террористік тұрғыдан осал объектілерінің қорғану құралдарымен жабдықтауын және оларға қойылатын техникалық талаптар, осы санаттағы объектілерде арнайы күзет қызметінің ұйымдастырылуы туралы мәселелері талқыланды.

Іс-шараның мақсатты аудиториясы ретінде спорт мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары және терроризм мен діни экстремизмге қарсы әрекет етуге жауапты қызметшілері,«Атлетик», «Олимпик» спортттық кешендері қызметшілері және және «Санал» ЖШС, «Алтын сақа» ЖШС, «Рыспан Security» ЖШС қызметшілері шақыртылған (барлығы 102 адам қатысты).

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша

II. спорт мекемелері мен кәсіпорындарыныңбасшыларына

Террористік тұрғыдан осал объектілерінің қорғану құралдарымен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің, криминалды полиция Комитетінің, экстремизммен күрес бойынша басқармасымен әзірленген нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсыныстарының, сондай-ақ Терроризм актісінің ықтимал қатері немесе жасалуы, терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың өзін-өзі ұстауына арналған әдістемелік құралдарының тиісті мекеме (кәсіпорын) қызметкерлерінің назарына жеткізу, күнделікті жұмыста пайдалану жөнінде тапсырмалар берілді.

II. «Санал» ЖШС, «Алтын сақа» ЖШС, «Рыспан Security» ЖШС бірінші басшыларына

Объектілерді қоғау (күзету) жұмыстарын тиісті дәрежеде жүргізу қамтамасыз етілсін.

Comments are closed.