«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын ХҚО тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

аккредиттеу туралы куәлікті беру – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – күнтізбелік 5 (бес) күн;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – күнтізбелік 5 (бес) күн.

ХҚО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО жолдайды;

2) құжаттар топтамасын ХҚО тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) ХҚО жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) болып табылады.

Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ХҚО алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден
20.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) ХҚО:

аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

спорт федерацияның басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясыныңөкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуді өткізуге өтініш;

басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

спорт федерациясының жарғысы;

республикалық спорт федерациясының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астам аумағында орналасқан жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлік – республикалық спорт федерациясы үшін немесе өңірлік спорт федерациясының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында орналасқан жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлік – өңірлік спорт федерациясы үшін;

Халықаралық олимпиада комитеті, Азия олимпиадалық кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымдарына мүшелігін растайтын құжат – олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін немесе халықаралық спорт ұйымына мүшелігін және Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжат – ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық және өңірлік спорт федерациялары үшін;

спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;

спорт түрінен (түрлерінен) қағидалар жобасы;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын (жергілікті спорт федерациясын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

ХҚО дайын құжаттарды жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде (не оның нотариалдық куәландырылған өкілі бойынша) береді.

ХҚО мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, ХҚО сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті берушіге беру үшін бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды ХҚО жібереді;

2) порталға:

аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы республикалық спорт федерациясының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астам аумағында орналасқан жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлік – республикалық спорт федерациясы үшін немесе құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы өңірлік спорт федерациясының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында орналасқан жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлік – өңірлік спорт федерациясы үшін;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Халықаралық олимпиада комитеті, Азия олимпиадалық кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымдарына мүшелігін растайтын құжат – олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін немесе құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы халықаралық спорт ұйымына мүшелігін және Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжат – ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық және өңірлік спорт федерациялары үшін;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасы;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) қағидалар жобасы;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын (жергілікті спорт федерациясын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы «жеке кабинетінде» мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көшесі, 8-үй, 15-кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына беріледі, байланыс телефондары:
8 (7172) 740429, 740454.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні).

ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО филиалының, бөлімінің басшысына www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.

ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.

Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Заңнамамен белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушыларға толық немесе ішанара қабілетін жою немесе өзіне-өзі қызмет көрсету, дербес жүру, құжаттарды қабылдауға бағдарлау Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефонына жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып, ХҚО қызметкерлері жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741396, 741386 телефондары арқылы не Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны бойынша анықтамалық қызметтен алуға болады.

«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан

Кiмге ______________________________

(дене шынықтыру және спорт саласындағы

____________________________________уәкiлеттi орган басшысының лауазымы, тегi, __________________________________________

аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Кiмнен ____________________________

(республикалық (өңірлік) cпорт федерациясы ____________________________________басшысының немесе өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің____________________________________ аты (болған жағдайда) (мекенжайы, телефоны,

____________________________________ электронды поштасы)

Аккредиттеу өткізуге куәлік беруге
ӨТIНIШ

Сiзден ________________________________________________________
                  (мәртебесін көрсете отырып, спорт федерациясының атауы)

__________________________________________________________________

аккредиттеу өткізуді сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________
      5) ____________________________________________________________
      6) ____________________________________________________________
      7) ____________________________________________________________
      8)_____________________________________________________________
      9)_____________________________________________________________
      10)____________________________________________________________
      11)____________________________________________________________

«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындакөзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.

      Мөр орны___________ _____________________________________
                 (қолы)           (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» ____________

Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________

______________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

                                                       Нысан

Кiмге ______________________________

(дене шынықтыру және спорт саласындағы __________________________________________

уәкiлеттi орган басшысының лауазымы, тегi,

____________________________________

аты,әкесінің аты (болған жағдайда)

Кiмнен _____________________________

(республикалық (өңірлік) cпорт

____________________________________

федерациясы басшысының немесе өкiлiнiң тегi, ____________________________________

аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

__________________________________

(мекенжайы, телефоны, электронды поштасы)

Куәліктің телнұсқасын алу (қайта ресімдеу) туралы
ӨТIНIШ

Сiзден ________________________________________________________
      (мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы)

аккредиттеу туралы куәлігінің телнұсқасын беру (куәлікті қайта ресімдеуді) сұраймын.

«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.

Мөр орны ___________ _____________________________________
          (қолы)             (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» __________

Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________

 ______________________________________________________
 (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

Нысан

__________________________________

(Көрсетілетін қызметті алушының

__________________________________

тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

__________________________________

не ұйымының атауы)

________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының

________________________________________

мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» 
республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

  1. _______________________________;

  2. _______________________________;

  3. ….

ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

ХҚО қызметкері: _______________________________ ________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

Орындаушы: _____________________________ _______________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

Телефоны: ____________________

Алды: ________________________________ ________________

(көрсетілетін қызметті алушының (қолы)

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» _________

Comments are closed.