Бокстан жастар және жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионаты

2015 жылдың 13-25 мамыр аралығында Тайпей (Қытай) қаласында бокстан жастар және жасөспірімдер қыздар арасында әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа 46 мемлекет қатысып, оның ішінде 190 боксшы жастар, 155 боксшы жасөспірім қыздар бақ сынасты. Қазақстан Республикасы құрама командасының спортшылары барлық салмақ дәрежелерде ұсынылды. Жамбыл облысының атынан 5 спортшы қыздар қатысып, жарыс қорытындысы бойынша 1 күміс және 1 қола медальға ие болды. Жарыс нәтижесі төмендегідей:

Құсайынова Лейла (63 кг) – 2 орын,

Шерункова Елена (70 кг) – 3 орын.

Аға жаттықтырушы: Ерік Алғабек.

Comments are closed.