АУЛА ОЙЫНДАРЫ – 2015

230420152015 жылдың 21сәуір күні Тараз қаласында «Ұлан» стадионында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған аула ойындарының финалдық жарысы – қалашық, ләңгі және арқан тарту бойынша өтті.

Облыстық жарысқа Тараз қаласының және аудандардың құрама командаларынан 300-ден аса адам қатысты. Команда үш түрлі жас ерекшеліктерінен тұрады (жасөспірімдер, жастар және ересектер):

1-жас ерекшелігі: жасөспірімдер (10-14жас);

2-жас ерекшелігі: жастар (14-18жас);

3-жас ерекшелігі: ересектер (18 жастан жоғары).

(Үстіміздегі жылдың наурыз айында өткен жарыстың І кезеңіне 8500-ден аса адам қатысты. Аудандық және қалалық ІІ кезеңге барлығы 2000-нан астам адам қатысты.)

Аула ойындарын Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырып, ұйымдастырып өткізді.

Жарыстың мақсаты, бұл балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдерді жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, аула ойындарын жандандыру мен бұқаралық спорт түрлерін дамыту.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Ләңгі жарысы

10-14 жас:

І орын – Жалғасов Асхат (Байзақ ауданы)

ІІ орын – Бақыт Саян (Талас ауданы)

ІІІ орын – Спандияр Асылжан (Жамбыл ауданы)

14-18 жас:

І орын – Серікбаев Мирас (Талас ауданы)

ІІ орын – Тұяқбай Ақниет (Сарысу ауданы)

ІІІ орын – Кеңесбек Аманай (Байзақ ауданы)

18 жастан жоғары:

І орын - Қоқанбаев Кемел (Тараз қаласы)

ІІ орын – Омаров Әділхан (Байзақ ауданы)

ІІІ орын – Бейсен Лесбек (Сарысу ауданы)

Арқан тарту

10-14 жас:

І орын – Сарысу ауданы

ІІ орын – Қордай ауданы

ІІІ орын – Т.Рысқұлов ауданы

14-18 жас:

І орын – Жамбыл ауданы

ІІ орын – Меркі ауданы

ІІІ орын – Қордай ауданы

18 жастан жоғары:

І орын – Тараз қаласы

ІІ орын – Жуалы ауданы

ІІІ орын – Байзақ ауданы

Қалашық ойыны

10-14 жас (ұлдар):

І орын – Дауытбаев Нұрлан (Талас ауданы)

ІІ орын – Кеңесбек Әбдуғали (Сарысу ауданы)

ІІІ орын – Асқаров Бақдаулет (Қордай ауданы)

10-14 жас (қыздар):

І орын – Кәрім Диана (Жамбыл ауданы)

ІІ орын – Баймахан Мөлдір (Байзақ ауданы)

ІІІ орын – Ермекова (Шу ауданы)

14-18 жас (ұлдар):

І орын – Аманбаев Н (Тараз қаласы)

ІІ орын – Ақылбек Бексұлтан (Жамбыл ауданы)

ІІІ орын – Жалмұхамедов Дінмұхамед (Байзақ ауданы)

14-18 жас (қыздар):

І орын – Арыстанбекова А. (Т.Рысқұлов ауданы)

ІІ орын - Омар Нурайлым (Байзақ ауданы)

ІІІ орын – Рахметтулаева Индира (Тараз қаласы)

18 жастан жоғары:

І орын – Айжанов Бауыржан (Талас ауданы)

ІІ орын – Шалов Асқар (Тараз қаласы)

ІІІ орын – Иниятов Саламат (Қордай ауданы)

Жарыс нәтижесі бойынша демеушілер тарапынан әр жас ерекшелігі бойынша 1 орын иеленген спортшыға – 10 000 теңге; 2 орын иеленген спортшыға – 5 000 теңге; 3 орын иеленген спортшыға – 2 000 теңге табысталды.

Марапаттау рәсімін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Манжуов Ерқанат Нұрбапаұлы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қожаева Маржан Төреғұлқызы және облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қайнарбеков Гамлет Төреханұлы жүргізді.

Жалпы командалық есепте: 1 орын – Тараз қаласы;

2 орын – Байзақ ауданы;

3 орын – Сарысу ауданы.

Жалпы командалық есепте 1 орын алған команда демеушілер тарапынан - 200 000 теңге, 2 орын – 150 000 теңге, 3 орын – 70 000 теңге қаржылай марапатталды.

Сонымен қатар, жеңімпаз-жүлдегер спортшылар мен командалар облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом, медаль және Кубогымен марапатталды.

Comments are closed.